Accessibility links

Астанадағы Сирия келіссөзі өзгеріс әкелмеді


Астанадағы Сирия келіссөзіне қатысушылар. 16 ақпан 2017 жыл.
Астанадағы Сирия келіссөзіне қатысушылар. 16 ақпан 2017 жыл.

Астанада Сириядағы жанжалды реттеу бойынша келіссөздің жаңа кезеңіне қатысушылар қандай да бір мәмілеге келген жоқ, бірақ келіссөзге арағайын етуші Ресей, Түркия мен Иран өкілдері Сириядағы атысты тоқтату режимін нығайту бағытында жылжуға күш жұмсайтындары туралы мәлімдеген.

16 ақпандағы келіссөздер Сириядағы жанжалға қатысушы тараптарды ымыраға келтіруге бағытталған Астананың екінші мәрте талпынысы болды, және ол Женевада 23 ақпанда БҰҰ аясында өткелі отырған Сирия бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі қарсаңында өтті.

Сирия үкіметі мен көтерілісшілер делегациялары екеуара бетпе-бет келіссөз өткізуден тағы да бас тартқан. Барлық тараптардың қатысуымен өткен 40 минуттық қорытынды кездесуде бірлескен мәлімдеме қабылдамай аяқталған. Оның орнына Сирия президенті Башар Асадтың одақтастары Ресей мен Иран, сонымен бірге көтерілісшілерді қолдайтын Түркия Сирияда осыдан бір жарым ай бұрын жарияланған бітім туралы шатқаяқ режим шарттарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында бірлескен бақылау тобын құру туралы уағдаласқан.

XS
SM
MD
LG