Accessibility links

Ақтауда Азаттық тілшісін полиция ұстап әкетті


Азаттықтың Маңғыстау обылсындағы тілшісі Сәния Тойкен.
Азаттықтың Маңғыстау обылсындағы тілшісі Сәния Тойкен.

Азаттықтың Ақтаудағы тілшісі Сәния Тойкенді бүгін полиция өкілдері ұстап Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментіне (ІІД) алып кетті. Өзін ІІД жедел уәкілі аға лейтенант Михаил Ованесовпін деп таныстырған полиция қызметкері артқы орындығында журналист отырған автокөлікті тоқтатып, Сәния Тойкенге "қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде" полицияға шақырту қағазын тапсыратыны туралы хабарлаған. Мұнан соң журналисті полицияның қызмет көлігіне отырғызып, ішкі істер департаментіне апарған.

Сәния Тойкеннің полиция тоқтатқан кезде түсірген видеосы:

Сәния Тойкенді полицияның тоқтатуы
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:45 0:00

Сәния Тойкеннің редакцияға хабарлауынша, ол көршісінің көлігіне отырып, облыс әкімі Алик Айдарбаевтың халықпен есепті кездесуіне бара жатқанда полиция тоқтатқан. Көлікті тоқтату себебін полиция өкілі артқы орындықта отырған Сәния Тойкеннің қауіпсіздік белдігін тақпауымен түсіндірген. Сәния Тойкеннің хабарлауынша, ІІД-де оған №154700011000009 іс бойынша куәгер ретінде шақыртылғанын хабарлаған.

Бұған дейін қаңтардың 21-і күні Сәния Тойкенге Ақтау қалалық ішкі істер басқармасына шақырту қағазын тапсырған құқық қызметкерлері оны бірден полиция көлігіне отырғызып, полиция басқармасына алып барған еді. Сол жолы журналистке шақырту қағазын Ақтаудағы Oil Construction Company (ОСС) компаниясы кәсіподақ ұйымы кеңсесінде, тілші жұмысшылардың сот тыйым салған аштық акциясы туралы материал дайындауға барған кезде тапсырған болатын. Қаңтардың 21-і күні Сәния Тойкен полицияда бірнеше минут қана болған: өзін "полковник Абасовпын" деп қана таныстырған полиция полковнигі журналистің аты-жөнін сұрап анықтаған соң полиция қызметкерлеріне оны дереу босатуды бұйырған. Сәния Тойкен өзін қандай қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде шақыртқанын білмек болғанымен, полицияда оған жауап бермеген.

XS
SM
MD
LG