Accessibility links

Харуорд Трамптың ұлттық қауіпіздік кеңесшісі болудан бас тартты


АҚШ-тың отставкадағы адмиралы Роберт Харуорд.
АҚШ-тың отставкадағы адмиралы Роберт Харуорд.

АҚШ-тың отставкадағы адмиралы Роберт Харуорд президент Дональд Трамптың оған ұсынған ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесші қызметінен бас тартты. Ол отбасы жағдайына байланысты бұл жауапты мемлекеттік қызметпен толық айналысуға мүмкіндігі жоқ екені туралы мәлімдеген.

Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік кеңесінде маңызды қызметтер атқарған және бір кездері өзі қол астында жұмыс істеген қазіргі қорғаныс министрі Джеймс Маттистің қолдауына ие Харуордтың кандидатурасын Ақ үй әкімшілігі ұсынған кезде, Майкл Флиннің отставкасынан кейін ұлттық қауіпсіздік кеңесінің қалыпты жұмысын ұйымдастыруға қабілетті саналатын адам ретінде оған көпшіліктің назары ауған еді.

Майкл Флинн АҚШ-тағы Ресей елшісі Сергей Кислякпен телефонмен сөйлескені туралы АҚШ вице-президентіне қате ақпарат бергенін мойындаған соң дүйсенбі күні президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі қызметінен отставкаға кеткен. АҚШ баспасөзі Харуордтың төңірегіндегі адамдарға сілтеме жасап, оның ұсыныстан бас тартауына қызметкерлерін өзі таңдап, тағайындауға жеткілікті кепілдік алмауы себеп болған деп хабарлады.

Трамптың баспасөз хатшысы президенттің бұл қызметке лайықты санайтын кандидаттары бар деп мәлімдеген. Солардың бірі ретінде бұған дейін орталық барлау басқармасының бұрынғы басшысы, Ауғанстан мен Ирактағы америкалық әскер күшінің бұрынғы қолбасшысы оставкадағы генерал Дэвид Петреустің аты-жөні де аталған.

XS
SM
MD
LG