Accessibility links

Қанат Ислам бразилиялық қарсыласын ұтты


Қанат Ислам
Қанат Ислам

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өткен жекпе-жекте бразилиялық Робсин Ассисті бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Кездесудің алғашқы минутында қарсыласының басы тиіп, Исламның қабағы жырылып кетті. Дәрігерлер қарағаннан кейін Исламға кездесуді жалғастыруға рұқсат берді.

Бірінші раундтың ортасында Исламның бірнеше соққысынан кейін құлап түскен Ассис орнынан тұра алмай қалған соң төреші кездесудің аяқталғаны туралы белгі берді.

Осымен 23-кездесуін жеңіспен аяқтаған 32 жастағы Қанат Ислам кәсіпқой рингте әлі бірде бір рет жеңілмеген. Ол 15 кездесуде қарсыласын нокаутпен ұтқан.

Қанат Ислам бүгінгі жеңісінен кейін WBA Fedelatin және WBO Intercontinental чемпионы атақтарын қорғап қалды.

38 жастағы бразилиялық Робсин Ассис кәсіпқой рингте төртінші рет жеңіліп қалды. Ол 16 кездесуде жеңіске жеткен.

XS
SM
MD
LG