Accessibility links

Малайзияда Ким Чон Нам қазасына күдікті ұсталған


Солтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Ким Чен Ирдің үлкен ұлы Ким Чен Нам.
Солтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Ким Чен Ирдің үлкен ұлы Ким Чен Нам.

Малайзияда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның ағасы Ким Чон Намды өлтірген деген күдікпен тағы бір адам тұтқындалған. Бұрын Солтүстік Кореядан келген 47 жастағы күдіктіні сенбіге қараған түні ұстаған.

Ким Чен Нам ақпанның 14-і күні Малайзия астанасы әуежайында қаза болған. The Times газеті алты адамнан тұратын топ Ким Чен Намды "бетіне тез тарайтын уы бар орамал жауып өлтірген" деп жазды. Оқиға туралы нақты ақпарат әзірше жоқ, қылмыс жасалған уақытта сол маңдағы бейнекамералар жұмыс істемеген.

Ким Чен Нам қаза болғаннан кейін көп ұзамай үш кісі – Вьетнам мен Индонезия паспорттары бар екі әйел мен Малайзия азаматы ер адам ұсталған. Баспасөз құралдарының дерегі бойынша, бұл қылмыстық артында Солтүстік Кореяның арнайы қызметі тұруы мүмкін.

Солтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Ким Чен Ирдің үлкен ұлы Ким Чен Нам соңғы жылдары негізінен шетелде тұрған және Пхеньян билігін ашық сынаған.

XS
SM
MD
LG