Accessibility links

Лавров: кей сөздерге қарасаң, "қырғи-қабақ соғыс" аяқталмағанға ұқсайды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Мюнхендегі кейбір мәлімдемелерден кейін Ресей "қырғи-қабақ соғыс" әлі аяқталмаған деп санайды. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеген.

Бүгін Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде Лавров Ресей мен НАТО арасындағы әскери ынтымақтастықты қалпына келтіру қажеттігі туралы айтқан.

Сонымен бірге Лавров Ресей мен АҚШ ешқашан тікелей жанжалға бармағанын, олардың "орасан" қарым-қатынас әлуеті барын және оны жүзеге асыру алда екенін мәлімдеген. Министрдің сөзінше, Мәскеу АҚШ-пен "прагматикалық, өзара сыйластық, ғаламдық тұрақтылық үшін ерекше жауапкершілік сезінетін" қатынас орнатуды қалайды.

Украинаның шығысындағы жанжал туралы сөзінде Лавров Киев Минск келісімдерін орындауы керек деп мәлімдеген. Сонымен бірге ол Украинаның шығысындағы жағдай "Киевтің Донецк және Луганскімен тікелей диалогы" барысында реттелуі тиіс екендігіне Ресей мен Батыстың келісіп отырғанын айтқан.

Ақпанның 17-і күні басталған Мюнхен қауіпсіздік конференциясы жексенбіге дейін жалғасады. Жиында халықаралық терроризм, Еуропадағы қауіпсіздік, Сириядағы соғыс және Украинаның шығысындағы жанжал талқыланып жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG