Accessibility links

SpaceX компаниясы Dragon жүк кемесін ғарышқа аттандырды


Ғарыштан оралған Falcon-9 зымыранының қонар сәті. (Көрнекі сурет.)
Ғарыштан оралған Falcon-9 зымыранының қонар сәті. (Көрнекі сурет.)

АҚШ-тың жекеменшік SpaceX компаниясы жасаған Falcon-9 зымыран-тасығышы ақпанның 19-ы күні Канаверал мүйісіндегі ұшыру алаңынан Dragon жүк кемесін халықаралық ғарыш станциясына алып ұшты. Кемені орбитаға шығарғаннан кейін зымыранның алғашқы сатысы жерге оралып, ұшу алаңына сәтті қонды.

Falcon-9 зымыран-тасығышының ғарыштан оралуы:

Алғашында сенбіге жоспарланған ұшыру мерзімі зымыранның екінші сатысындағы ақауға байланысты сәл кейінге шегерілген. Бұл жолы Falcon-9 зымыран-тасығышы 2011 жылы «Спейс Шаттл» бағдарламасы аяқталғалы бері пайдаланылмаған LC-39 кешенінен ғарышқа ұшырылған.

Dragon жүк кемесі халықаралық ғарыш станциясымен ақпанның 22-і күні түйіседі деп жоспарланған.

Америкалық кәсіпкер Илон Масктің иелігіндегі SpaceX компаниясы АҚШ ғарыш агенттігімен (NASA) халықаралық ғарыш станциясына жүк жеткізу туралы келісім жасасқан жеке меншік екі кәсіпорынның бірі. Көп рет пайдаланылатын Falcon-9 зымыраны ғарыш аппараттарын ұшыру құнын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

XS
SM
MD
LG