Accessibility links

АҚШ соңғы айда Кубаға жүзден аса мигрант қайтарған


Куба және АҚШ тулары. (Көрнекі сурет.)
Куба және АҚШ тулары. (Көрнекі сурет.)

АҚШ соңғы бір айда Кубаға 17 мигрантты депортациялаған. Жұма күні екі әйелді Куба мигранттарын еліне қайтару үшін арнайы бөлінген ұшақпен Гаванаға жөнелткен. Оған дейін мигранттарды Кубаға жолаушы тасымалдайтын кәдуілгі әуе рейстерімен немесе кемеге отырғызып теңіз арқылы қайтарған.

Бұл депортациялар АҚШ-тың көші-қон саясатының өзгеруіне байланысты жүргізіліп жатыр. Бұған дейін қолданыста болған ереже бойынша, АҚШ жеріне табаны тиген кубалық мигрантқа Құрама Штаттар аумағында визасыз қалуға рұқсат етілетін. АҚШ президенті қызметіндегі өкілеті аяқталар тұста Барак Обама қол қойған шешімге сәйкес, Куба мигранттарына АҚШ-та қалуына жеңілдік беретін «ерекше ереженің» күші жойылған. Бұған дейін Гаванадағы коммунистік билігі АҚШ-тыңережесі көптеген кубалықтарды теңіз арқылы қауіпті сапарға аттануға итермелейді деп, Вашингтоннан әлгі ереженің күшін жоюды ұзақ жылдар бойы талап етіп келген.

АҚШ-тың 44-президенті Барак Обама биліктегі мерзімінің соңғы кезеңінде АҚШ пен Куба арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған бірқатар шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG