Accessibility links

Барселонада мыңдаған адам мигранттарға қолдау білдірді


Жерорта теңізінде аударылып қалған мигранттар мінген қайық. (Көрнекі сурет.)

Испанияның Барселона қаласында ондаған мың адам жұма күні мигранттарды қорғау шеруіне қатысты.

«Біздің үй – сіздің үйіңіз» деп аталатын топ ұйымдастырған шеру осы кезге дейін бес мыңнан аса мигрант Еуропаға жете алмай, суына кетіп опат болған Жерорта теңізі жағалауында аяқталды.

Мигранттарды қорғау акциясын өткізуге Барселона мэрі Ада Корлау қолдау білдіріп, шеруге қатысты.

Еуропа Одағы 2015 жылы бекіткен квота жүйесіне сай Испания Еуроодақтың өзге елдерінен 16 мыңдай мигрантты өз жеріне жайғастыруы тиіс еді. Бірақ Испания тек 1100 мигрант қабылдаған.

Испанияның Каталония автономиялық аймағының орталығы Барселона көлемі жағынан елдегі екінші үлкен қала саналады.

AzattyqTV

AzatNews18.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:19 0:00
XS
SM
MD
LG