Accessibility links

Мосулда коалиция күштері жихадшыларға соққы берген


Мосулдың оңтүстік жағындағы Ирак үкімет әскері. 15 ақпан 2017 жыл.

Ирактың солтүстігінде АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері жихадшылардың басқару орталығы орналасқан деген долбармен Мосул қаласының батыс бөлігіндегі медициналық кешен ғимаратына соққы берген. Бұл туралы сенбі күні белгілі болды деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы өкілдері жұма күні жасалған соққы салдарынан 18 адам, негізінен әйелдер мен балалар қаза тауып, 47 адам жараланған деп мәлімдеген.

Тәуелсіз ақпарат құралдары журналистері Мосулдың батыс бөлігіне бара алмай отырғандықтан, бұл хабарларды растау немесе жоққа шығару әзірше мүмкін болмай отыр.

Қарулы жихадшылар топтары Мосулдың батыс бөлігіндегі қоршаудағы аудандарға бекінген. Болжам бойынша ол аймақта шамамен 650 мың бейбіт тұрған бар деп саналады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG