Accessibility links

Берлинале бас жүлдесі "Жан мен тән" фильміне берілді


"Жан мен тән" фильмінен кадр.
"Жан мен тән" фильмінен кадр.

Венгр режиссері Ильдико Эньедидің «Жан мен тән» фильмі биылғы Берлин халықаралық кинофестивалінің (Берлинале) бас жүлдесі - «Алтын аю» сыйлығын иеленді. Қасапханада жұмыс істейтін Эндре мен Марияның махаббаты жайлы бұл фильм халықаралық кино басылымдары федерациясы (ФИПРЕССИ) сыйлығын және өзге де наградалар алған.

"Күміс аю" жүлдесі сенегалдық режиссер Ален Гомистің «Фелисите» фильміне берілді. Картина конголық әнші әйелдің апаттан зардап шеккен ұлын құтқару үшін күресі жайлы баяндайды.

Үздік режиссерға тағайындалған сыйлыққа сириялық босқын Халедтің ауыр тағдырын суреттейтін фин режиссері Аки Каурисмякидің «Үміттің арғы жағында» фильмі лайықты деп танылды.

Германиялық «Жарқын түндер» фильмінде басты рольде ойнаған Георг Фридрих үздік ер актер атанды. Үздік актирса сыйлығын «Түнгі жағажайдағы жалғыздық» фильміндегі ролі үшін Оңтүстік Корея өнерпазы Ким Мин Хи алды.

67-ші Берлиналеде қазылар алқасына голландиялық белгілі режиссер Пол Верховен төрағалық етті.

XS
SM
MD
LG