Accessibility links

Саппорода қысқы Азия ойындары басталды


 Қазақстан делегациясы Саппородағы қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында. 19 ақпан 2017 жыл. (Сурет авторы-Данияр Майлыбаев).
Қазақстан делегациясы Саппородағы қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында. 19 ақпан 2017 жыл. (Сурет авторы-Данияр Майлыбаев).

Жапонияның Саппоро қаласында 8-қысқы Азия ойындары басталды. Бұл жарысқа Қазақстаннан 116 спортшы қатысады.

Азия ойындарына барған Қазақстан спортшыларының арасында мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен және жасөспірімдер арасындағы олимпиадада қола алған Элизабет Тұрсынбаева, Алматы универсиадасының чемпиондары Галина Вишневская (биатлон), Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд (фристайл) бар.

Азия ойындары 26 ақпанда аяқталады. Бұған дейінгі Азия ойындары 2011 жылы Астана мен Алматыда өтіп, Қазақстан 32 алтынмен бірінші орын алған. Одан кейінгі орындарды Жапония (13 алтын) мен Оңтүстік Корея (13 алтын) иеленген.

XS
SM
MD
LG