Accessibility links

Ирак армиясы Мосулдың батысына шабуылға шықты


Ирак армиясы мен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы арасында шайқас жүріп жатқан Мосул қаласындағы тұрғындар. (Көрнекі сурет.)

Ирак билігі Мосул қаласының батыс бөлігін ұстап отырған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы әскери операция бастағаны туралы мәлімдеді. Ирак премьер-министрі Хейдар әл-Абади телеарнадан берілген үндеуінде үкімет күштері жихадшыларға қарсы шабуылға шыққанын хабарлаған.

Әскери операция басталмай тұрып Ирак ұшақтары Мосулдың батысындағы аудандарың үстінен жақын арада шабуыл басталатыны туралы тұрғындарға ескерту жазылған миллиондаған үнпарақ тастаған.

Адам саны бойынша Ирактағы екінші ірі қала саналатын Мосулды 2014 жылы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы басып алған. 2016 жылғы қазан айында Ирак армиясы Мосулды радикалды исламшылдардан босату үшін көлемді әскери операция бастаған. Мосулдың батыс бөлігіндегі қоршаудағы аудандарда, түрлі есептер бойынша, 650 мыңнан 750 мыңға дейін адам бар делінеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG