Accessibility links

БАҚ: АҚШ босқындарға талапты күшейтпек


АҚШ әуежайында құжат тексеретін жерде кезекте тұрған адамдар. (Көрнекі сурет.)
АҚШ әуежайында құжат тексеретін жерде кезекте тұрған адамдар. (Көрнекі сурет.)

АҚШ-та баспана беру туралы өтініш сұраушыларға талап күшейтіледі деп хабарлады Reuters. Оның хабарлауынша, АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі бұған қатысты тиісті нұсқаулық әзірлеген.

Агенттік дерек көздерінен алған ақпаратқа сәйкес, баспана беруді сұрағандармен сұхбат тікелей шекарада немесе мигранттарға арналған орында баспана сұраушы ол туралы өтініш берісімен бірден өткізілетін болады.

Көші-қон қызметі өкілдеріне өтініш иесіне баспана беруге негіз болатын жайттарды аса мұқият тексеру туралы кеңес айтылған. Талапқа сай емес деп танылғандар, құжатқа сәйкес, жылдам депортациялануы тиіс.

Қаңтардың 26-сы күні АҚШ президенті Дональд Трамп заңсыз иммигранттарға қарсы күресті күшейту туралы жарлыққа қол қойған. Тұрғындарының басым бөлігін мұсылмандар құрайтын кей мемлекеттердің азаматтарына АҚШ-қа келуге уақытша тыйым салатын жарлық күшін Сиэтл федералдық судьясы тоқтатқан. Трамп әкімшілігінің сот шешіміне қарсы берген шағымын Сан-Франциско апелляциялық соты қанағаттандырмай тастаған.

XS
SM
MD
LG