Accessibility links

Сомалиде жарылыстан 34 адам қаза тапты


Могадишодағы жарылыстардың бірінен кейінгі көрініс. Сомали, шілде 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Могадишодағы жарылыстардың бірінен кейінгі көрініс. Сомали, шілде 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Сомали билігінің мәліметінше, ел астанасы Могадишода 19 ақпанда базарда жанкештінің көлікте жарылыс жасауынан кем дегенде 34 адам қаза тапты. Әзірге шабуыл жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, мерт болғандар арасында әйелдер мен балалар да бар.

Жедел жәрдем қызметкері Сабрие Абдуллахидің Associated Press агенттігіне айтуынша, жараланған құрбандардың кейбірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.

Бұған дейін де осыған ұқсас шабуылдарды "Әл-Шабаб" террористік тобы мойнына алып келген. Кеше бұл шабуылдан ертерек экстремистер жаңа сайланған президент Мохаммед Абдуллахи Мохаммедті "діннен безген" деп атаған. Сомалидің бұрынғы премьер-министрі әрі АҚШ пен Сомали азаматы Мохаммед 8 ақпанда сайланған.

XS
SM
MD
LG