Accessibility links

БАҚ: Ақ үй Ресейге қарсы санкцияны жою ұсыныстарын алған


Майкл Флинн, АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі.

Майкл Флинн АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі қызметінен отставкаға кеткенге дейін Трампқа жақын адамнан Украинадағы дағдарысты реттеу аясында Ресейге қарсы санкцияны жою туралы ұсыныстар жобасын алған деп хабарлады New York Times газеті.

Басылым дерегінше, ұсыныстарды дайындауға Трамптың жеке адвокаты Майкл Коэн, іскерлік серігі, Трампқа Ресейден бизнес жобаларын табуына көмектескен, СССР-ден шыққан Феликс Сатер және украин депутаты, Киевтегі қазіргі билікке оппозициялық ұстанымдағы Андрей Артеменко қатысқан. Артеменко Кремльмен байланыстары барын ашық мойындайды және өзінде Украина президенті Петр Порошенконың коррупцияға қатысы барына дәлелі жеткілікті екенін айтады.

Басылым ақпаратына қарағанда, санкцияны жою бойынша бейбіт жобада Украина шығысынан Рсеейдің барлық күштерін шығару және Украинада Қырымды Ресейге 50 немесе 100 жылға жалға беру туралы референдум өткізу қарастырылған. Артеменконың сөзінше, бұл жоспарды Путиннің көмекшілері қолдайды.

Артеменко 2000 жылдардың басында Украинада бюджет қаржысын ысырап етті деген айыппен екі жарым жыл түрмеде отырған. Бірақ кейін оған тағылған айып алынып тасталған. Феликс Сатер 20 жыл бұрын мафияның қатысы бар биржалық алаяқтыққа араласқанын мойындаған. АҚШ Федералдық тергеу бюросы қазір Трампқа жақын бірнеше адаммен бірге Майкл Коэннің де Ресей өкілдерімен, оның ішінде барлау қызметінің жоғары шенді шенеуніктерімен байланыстарын тексеріп жатыр.

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG