Accessibility links

Сағадиев мұғалімдердің оқу жүктемесін азайтуды ұсынды


Ерлан Сағадиев, білім және ғылым министрі.
Ерлан Сағадиев, білім және ғылым министрі.

Қазақстан білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдерге түсетін оқу жүктемесін азайтуды ұсынды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, министр бұл туралы бүгін Астанада өткен мәжілістегі үкімет сағатында айтты.

Сағадиев министрлік ең алдымен оқу жүктемесін төменгі сыныптар үшін 18 сағаттан 14 сағатқа дейін азайтуды және жоғарғы сыныптар үшін 18 сағаттан 16 сағатқа дейін азайтуды қарастырып, мектеп директорларымен талқылаған. Директорлар бұл ұсынысты қазіргі ең маңызды нәрсе деп санайтынын білдірген. Министр қазір бұған қатысты ұсыныс пен оны іске асыруға жұмсалатын қаражат көлемін есептеу қаржы министрлігіне тапсырылғанын айтты.

Ал вице-министр Бибігүл Асылованың айтуынша, бұл ұсыныс жағдайында мұғалімдердің жалақысы сол қалпында сақталып, оқу жүктемесі азайту қарастырылғанын айтады. "Жалақыны өсіру мәселесін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен қаржы миинстрлігі әдісті біріктіру, сынып жетекшілігі мен басқалардың есебінен шешеді" деді Асылова.

XS
SM
MD
LG