Accessibility links

Кіші Владимир Кара-Мурза Ресейден кетіп қалды


Владимир Кара-Мурза, ресейлік оппозициялық саясаткер.
Владимир Кара-Мурза, ресейлік оппозициялық саясаткер.

Ресейлік оппозиционер кіші Владимир Кара-Мурза Мәскеудегі ауруханадан шығып, емін жалғастыру үшін шетелге кетіп қалды. Кара-Мурза ойламаған жерден тап болған кеселін уланумен байланыстырады.

Адвокаты Вадим Прохоровтың әлеуметтік желілерде хабарлауынша, Владимир Кара-Мурза Ресейден 19 ақпанда кетіп қалған. Адвокат оның қай елге кеткенін айтпады.

ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский құрған "Открытая Россия" қоғамдық ұйымының үйлестірушісі 35 жастағы Кара-Мурза ақпанның 2-і күні Мәскеудегі ауруханалардың біріне түскен. бүйрегі істен шығып, бірнеше күн комада жатқан. Кара-Мурзаның отбасы сырқат симптомдары 2015 жылы оның қатты ауырып, әзер жаны қалған кездегі симптомдармен бірдей екенін айтқан. Кара-Мурза ол кезде де Мәскеуде болған және ол өзінен саяси қызметі үшін кек алмақ болғандар әдейі улады деп санайды. Ол оқиға сол күйі тергелмеген.

Владимир Кара-Мурза 2105-2016 жылдары Ресейдегі ПАРНАС оппозициялық партиясы төрағасының орынбасары болған. Сонымен бірге ол "Солидарность" қозғалысының да мүшесі. Ол АҚШ конгресі мүшелерін Ресей шенеуніктері мен медиа-магнаттарына қарсы санкциялар салуға шақырған.

XS
SM
MD
LG