Accessibility links

Тәжікстан мен Қырғызстанда қар көшкінінен бірнеше адам қаза тапты


Тәжікстанда қар көшкіні болған аймақта жүрген техникалар. 19 ақпан 2017 жыл.

Тәжікстан мен Қырғызстанда қар көшкінінен бірнеше адам қаза тапты.

Тәжікстан жолдарына қызмет көрсететін Innovative Road Solutions (IRS) компаниясының өкілі Далер Абдуллоев Азаттықтың Тәжік редакциясына 19 ақпанда болған қар көшкінінен үш жұмысшының қаза тапқанын хабарлады. Тағы екі адам із-түзсіз жоғалған. Территориясы таулы Тәжікстанда жолдардың көпшілігі көшкін жүру қаупінен жабылған.

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің Азаттықтың Қырғыз редакциясына хабарлауынша, 19 ақпанда Ош облысының екі ауданында болған көшкіннен екі бала мен бәр әйел құрбан болған. Кем дегенде 10 адам ауруханаға түскен, олардың кейбірінің халі ауыр.

17 ақпанда Қазақстанның Қырғызстанмен шектес Жамбыл облысында қар көшкіні жүріп, жеті әскери қызметкер қар астында қалып қаза тапқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG