Accessibility links

Астана Бішкектен "Атамбаевтың сөзі жайлы түсініктеме" күтіп отыр


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың "Қырғызстандағы 2010 жылғы адам өліміне Қазақстан кінәлі" деген сөзіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады Tengrinews агенттігі.

Агенттік дерегінше, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі: "Біз бұл сөзді ескердік. Қазір Қырғызстан тарапынан түсініктеме күтіп отырмыз" деген.

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев 17 ақпанда Euronews агенттігіне сұхбат берген. Ол "ЕАЭО Ресей мүддесіне көбірек жұмыс істейді деп есептемейсіз бе?" деген сұраққа "бұл одаққа кірмесек, оқшау қалып қоятын едік" деген сарында жауап берген. Ол: "2010 жылы Қазақстан бізге бір жарым ай блокада жасап тастаған кезде бізде адам шығыны да болды" деген.

XS
SM
MD
LG