Accessibility links

Лордтар палатасы brexit процесі туралы заң жобасын талқылай бастады


Ұлыбритания парламентінің лордтар палатасындағы тыңдау. Лондон, 20 ақпан 2017 жыл.

Ұлыбритания парламентінің жоғарғы лордтар палатасы премьер-министр Тереза Мэйдің елдің Еуропа Одағынан (ЕО) шығу процесін (brexit) бастауына мүмкіндік беретін заң жобасын талқылай бастады. Осы айдың басында заң жобасын өкілдер палатасы мақұлдаған. Заң жобасы премьерге ЕО-ны құру туралы Лиссабон келісімінің 50-бабын қолданып, Ұлыбританияның ЕО-мен одақтан шығу келіссөзін бастауына жол ашады. Келіссөз екі жылға созылады деп жоспарланған.

Заң жобасына төменгі палата ешбір өзгеріс енгізбеген. Бірақ Мэйдің Консервативтік партиясы лордтар палатасында көпшілік дауысқа ие емес. Бұл үкіметті заң жобасына белгілі бір өзгерістер енгізуге мәжбүрлеуі мүмкін. Болжам бойынша, brexit-тен соң Ұлыбританияда тұратын ЕО елдері азаматтарының құқықтарына кепілдік беретін өзгерістер үлкен қолдауға ие болады.

Тағы бір ықтимал өзгеріс - Мэй үкіметі мен ЕО басшылығы арасында жасалатын түпкілікті келісімді парламентте дауысқа салу туралы талап болуы мүмкін. Мэй brexit процесін наурыздың соңында бастауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG