АҚШ президенті Дональд Трамп генерал-лейтенант Герберт Макмастерді өзінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша жаңа кеңесшісі етіп тағайындады. Флорида штатының Палм-Бич округінде өткен баспасөз конференциясында Трамп астыртын бүлік шығаруға қарсы іс-қимыл саласының маманы Макмастерді "үлкен талант пен тәжірибе иесі" деп атады.
Дональд Трамп президент кеңесшісі міндетін атқарған генерал-лейтенант Кит Келлогтің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесті басқаратынын хабарлады.
Қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бұған дейінгі кеңесші Майкл Флинн Ресей елшісімен әңгімесінде Ресейге қарсы санкцияларға қатысты Ақ үйге теріс мәлімет беру дауына байланысты отставкаға кетуге мәжбүр болған.