Accessibility links

Конькиші Денис Кузин Азия ойындарында күміс иеленді


Денис Кузиннің Азия ойындарында медаль алған сәті. Саппоро. 21 ақпан 2017 жыл.
Денис Кузиннің Азия ойындарында медаль алған сәті. Саппоро. 21 ақпан 2017 жыл.

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында конькимен 1000 метрге жүгіруде қазақстандық Денис Кузин күміс медаль иеленді. Алтынды жапониялық Такуро Ода алды. Осы қашықтықтағы жарысқа қатысқан қазақстандық Станислав Палкин 8-орын, Роман Креч 10-орынмен шектелді.

Бүгін, шаңғымен жүгіруде Ринат Мухин алтын, Елена Коломина қола медаль жеңіп алған.

Қазір Қазақстан бір алтын, екі күміс, бір қола медальмен жалпы есепте Оңтүстік Корея, Жапония, Қытайдан кейін төртінші орында келеді.

Қысқы Азия ойындары 26 ақпанда аяқталады

XS
SM
MD
LG