Accessibility links

Қазақстанда Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің қазасына көңіл айтты


Виталий Чуркин, ресейлік дипломат.

Қазақстан сырты істер министрлігі мен парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты уәкілі Виталий Чуркиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Министрлік Twitter-дегі парақшасында Виталий Чуркиннің "мезгілсіз дүние салуына" байланысты көңіл айтып, оның өлімін "әлемдік дипломатиядағы орны толмас қаза" деп атады.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев "Ресейдің БҰҰ-дағы тұақты уәкілі Виталий Чуркиннің қайтыс болуына байланысты шын ниетіммен көңіл айтамын. Ол әлемдегі ең білікті дипломаттардың бірі болды" деп жазды Twitter-де.

Ресей сыртқы істер министрлігі 20 ақпан күні Виталий Чуркиннің 65-ке қараған шағында Нью-Йоркте мезгілсіз қайтыс болғанын мәлімдеген. Министрлік дипломаттың неден өлгенін анықтап хабарлаған жоқ, тек марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Кейбір Батыстағы БАҚ Чуркиннің жүрек талмасынан қайтыс болғанын жазды.

Чуркин Ресейдің сыртқы саясатын барынша қорғауға тырысқан өкіл ретінде танылған. Ол былтыр Сирия президенті Башар Асадқа қарсы оппозиция жасақтарын біржола талқандау үшін Алеппоны бомбалауды жақтап шыққан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG