Accessibility links

Марин Ле Пен: Сирия дағдарысын реттеу үшін Асад билікте қалғаны жөн


Марин Ле Пен, Франция президенттігіне кандидат, әсіре оңшыл Ұлттық майдан партиясының жетекшісі.
Марин Ле Пен, Франция президенттігіне кандидат, әсіре оңшыл Ұлттық майдан партиясының жетекшісі.

Франция президенттігіне кандидат, әсіре оңшыл Марин Ле Пен Сирия президенті Башар Асадты биліктің билікте қалуын Сириядағы азаматтық соғысты тоқтатып, босқындардың Еуропаға ағылуына тосқауыл қоюдың "ең соңғы нашар нұсқасы" болуы мүмкін деп атады. Бұл туралы ол 20 ақпанда Ливанға сапары кезінде мәлімдеді.

Францияның қазіргі билігі "Сирия дағдарысын бейбіт реттеу үшін Асад биліктен кетуі тиіс" деп санайтындар қатарында. БҰҰ ара ағайындық жасайтын Сирия бейбіт келіссөзі 23 ақпанда жалғасуы тиіс.

Марин Ле Пен Ливан премьер-министрі Саад Харириге "Сириядағы азаматтық соғысты тоқтатудың" Асад пен "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы екеуінің бірін таңдаудан басқа "өміршең әрі іске жарамды" шешімі жоғын айтты. Ол "Ислам мемлекеті" ұйымы жойылуы тиіс екенін де жеткізді.

"Біз ИМ-нің билікке келуіне жол бере алмаймыз, ал Асадқа балама жоқ. Соңғы нашар нұсқа саяси тұрғыдан іске асарлық болып тұр. Асад қазір Франция үшін үміт артуға болатын нұсқа болып тұр" деді Ле Пен.

Ол сонымен қатар Асадтың билікте қалуы азшылықты құрайтын христиандарды қорғаудың ең тиімді жолы мүмкін екенін және олардың Сирияда қала беруіне мүмкіндік беретінін айтты.

XS
SM
MD
LG