Accessibility links

Мехрибан Әлиева Әзербайжанның бірінші вице-президенті болды


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның әйелі, бірінші вице-президент болып тағайындалған Мехрибан Әлиева.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев әйелі Мехрибан Әлиеваны елдің бірінші вице-президенті етіп тағайындады. Азаттықтың Әзербайжан редакциясының хабарлауынша, Әлиев бүгін қауіпсіздік кеңесінің жиынында әйелін бірінші вице-президент ретінде таныстырған.

Әлиев мұнайға бай бұрынғы советтік республика Әзербайжанды 2003 жылдың қазанынан бері басқарады. Ол 2003 жылы Әзербайжанды тәуелсіздік алған 1993 жылдан бері басқарған әкесі Гейдар Әлиев науқастанғанда ол премьер-министр болған. Екі айдан соң Гейдар Әлиев қайтыс болған.

Құқық қорғаушылар мен Батыс елдері Ильхам Әлиевті оппозициялық саясаткерлерді, адам құқығын қорғаушыларды, журналистерді қудалайды деп айыптайды.

Азаттықтың Әзербайжан редакциясының тілшісі Хадиджа Исмаилова 2015-2016 жылдары қаржылық қылмыстар жасады деген айыппен бір жарым жылға жуық түмреде отырып шыққан. Исмаилова мен оның жақтастары қудалауды журналистің Ильхам Әлиев пен оның отбасы мүшелерінің қатысы бар болуы мүмкін коррупция жайлы жазғанымен байланыстырады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG