Accessibility links

БАҚ: Кремль Путинді президенттікке ұсынуға дайындалып жатыр


Владимир Путин, Ресей президенті.
Владимир Путин, Ресей президенті.

Кремль 2018 жылы өтетін Ресей президенті сайлауына билік үміткеріне бәсекелестерді іріктеу ниеті жоқ, дегенмен Владимир Путиннің рекордтық нәтижемен жеңіп шығуына қол жеткізбекке бекініп отыр. Бұл жайлы перзидент әкімшілігіндегі бірнеше дереккөздеріне сілтеме жасаған ресейлік ақпарат құралдары хабарлады.

РБК-ға сұхбат берушілердің айтуына қарағанда, сайлауға дайындық оған президент Владимир Путин қатысатындай есеппен жүргізіліп жатыр. Сайлау процесі таза бәсеке жағдайында, ашық әрі легитимді түрде өтуі керек, ал Путин сайлауда пайыздық көрсеткіштер бойынша да, абсалютті түрде де өзгелерден көп дауыс жинауы тиіс.

Бұған дейін «Дождь» телеарнасына сұхбат берушілер Кремль сайлауға деген қызығушылықты арттыру мақсатында сайлауға жаңа үміткерлерді іздемек емесін айтқан. Сайлауда оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың бой көрсетуі билік төңірегінде біраз ыңғайсыздық туындатуы мүмкін, алайда электораттың сайлауға деген қызығушылығының артуына ықпал ете қоймайды деген дереккөздері.

Кремль өкілінің РИА "Новости" агенттігіне хабарлауынша, сайлауға қызығушылықты арттыру үшін азаматтың тіркелген жері емес, тұратын мекенжайына қарай сайлауға қатысу мүмкіндігін беру ұсынылып жатыр. Жекелеген аймақтарда сайлаумен бір күнде жергілікті маңызға ие мәселелер бойынша да референдумдар өткізіліп жібермек.

Сайлауға жастарды жұмылдыру мақсатында сайлау учаскесіне тіркелуді міндеттейтін компьютер ойындарын ұсыну қарастырылып жатыр.

Президент сайлауы жоспар бойынша 2018 жылдың 11 наурызында өтуі тиіс, ал мерзімінен бұрын сайлау өткізу мәселесі Кремльде әлі көтерілген жоқ. Дереккөздерінің "Интерфаксқа" айтуы бойынша, сайлауды басқа уақытқа жылжытуды тұрғындар биліктің әлсіздігі деп қабылдап қалуы мүмкін.

Қазірдің өзінде әсіре ұлтшыл саясаткер Владимир Жириновский, Григорий Явлинский және оппозициялық саясаткер Алексей Навальный президенттік кампанияға қатысу ниетін білдіріп үлгерді. Ал Владимир Путин 2018 жылғы сайлауға өзінің қатысуы жөніндегі сұрақтарға тікелей жауап беруден қашқақтайды.

XS
SM
MD
LG