Accessibility links

Мақтаралда су басқан аула 50-ден асты


Ауласын су басқан тұрғын. (Көрнекі сурет)
Ауласын су басқан тұрғын. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында су басқан аулалардың саны 58-ге жетті деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Толассыз жауған жауынның және Атакент кентіне жақын орналасқан мақталық алқаптарда жаппай сор шаю жұмыстарының жүргізілуі мен жер асты суларының көтерілуі салдарынан Атакент кентінің Қажымұқан, Мұқанов, Сейфуллин көшелері бойында орналасқан 58 үйдің ауласын су алды» дейді әкімдік.

Төтенше жағдайға байланысты құрылған штаб әлі жұмыс істеп жатыр. Су басқан ауылдардан 13 мың текше метрге жуық су шығарылған. Үйлердің ешбірі шығынға ұшырамаған.

Бұдан бұрын Мақтарал ауданындағы Атакент, Асықата мен Ырысты ауылдарындағы және Жетісай қаласындағы 42 ауланы су алғанын Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлаған.

Оңтүстік Қазақстан облысында нөсер жаңбыр кесірінен Шымкент, Түркістан, Арыс, Кентау қалаларын, Мақтарал, Сарыағаш, Сайрам, Бәйдібек, Ордабасы, Шардара мен Қазығұрт аудандарындағы ауылдарды да су басу қаупі бар.

XS
SM
MD
LG