Accessibility links

Ақтөбе: Полиция "үш жылқышыны атып өлтірген" күдіктіні қамауға алды


Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Полиция Ақтөбе облысының 42 жастағы тұрғынынан «жылқышылар қосындағы үш адамды атып өлтірді» деп күдіктеніп отыр. Күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның мәліметінше, бұл оқиға 14 ақпан күні Ақтөбе облысының Байғанин ауданы Қызылбұлақ округінде болған. «Жарқамыс ауылынан 25 шақырым жердегі Сарытөбе деген жерде жалданып жылқы бағып жүрген әкем мен інімнің кісі қолынан қаза болғанын ақпанның 17-сі күні естідік» дейді Байғанин ауданының тумасы Райымбек Әйтекенов.

Оққа ұшқан Болат Бұқарбаев 57 жаста, ал оның ұлы Мұрат Қожахмет 24 жаста болған. Райымбек Әйтекеновтің сөзіне қарағанда, үшінші адам - көршілес елді мекенде тұратын Мыңжан Сағындықов есімді тұрғыны.

Полиция Азаттыққа бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG