Accessibility links

Украина Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуға шақырды


Петр Порошенко, Украина президенті.
Петр Порошенко, Украина президенті.

Украина президенті Петр Порошенко Мәскеудің Украина шығысындағы сепаратистер берген паспорттарды мойындауына байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуға шақырды. Кремль өз шешімін адамгершілікке сай және сепаратистер бақылауындағы, украин ұлтшылдарының блокадасынан зардап шеккен аудандардың тұрғындарына көмек көрсету үшін қабылдағанын айтады. Мәскеу сепаратистердің құжаттарын мойындау олар басып алған облыстарды мойындаумен тең емес дейді.

21 ақпанда Петр Порошенко Украинаның Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандары тұрғындарына сол аймақтардағы ресейшіл сепаратистер берген құжаттарды Ресейде уақытша заңды деп тану туралы Мәскеудің қабылдаған шешімін жанжалды реттеу жөніндегі Минск келісіміне қайшы деп мәлімдеді. Порошенко Еуропа Одағының (ЕО) ықпалдастық жөніндегі комиссарымен кездесуде "санкцияны күшейтетін қатаң әрекет жасауға" шақырды. АҚШ пен ЕО Ресейге Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерді қолдаған соң санкциялар салған.

Украина шығысындағы қақтығыс 2014 жылдың сәуірінен жалғасып келеді. Қақтығыстардан 9750-ден астам адам қаза тапты. 2015 жылы ақпанда Минскіде Донбастағы қақтығысты бейбіт ретету жөнінде келісім жасалған. Бірақ оның талаптарын орындаудан көп жағдайда екі жақ та бас тартады. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров сепаратистер берген паспорт пен басқа да құжаттарды заңды деп тану жергілікті тұрғындардың құқығын қорғауды көздейтінін айтады.

XS
SM
MD
LG