Accessibility links

Қазақстандық трамплиннен секіруші Азия ойындарында жүлде алды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында 22 ақпан күні өткен трамплиннен секіру жарысында қазақстандық Сергей Ткаченко қола медаль жеңіп алды.

Алтын мен күмісті жапониялық Юкиа Сато мен Юкен Иваса иеленді. Қазақстан қазір бір алтын, екі күміс, екі қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келеді. Бірінші орында тоғыз алтынмен Жапония тұр. Азия ойындары 26 ақпанда аяқталады.

2011 жылы Алматы мен Астанада өткен Азия ойындарында Қазақстан 32 алтынмен жалпы есепте бірінші орын алған.

XS
SM
MD
LG