Accessibility links

Назарбаев Қазақстан ғылымында "плагиаттық көбін" айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) ғалымдармен амандасып тұр. Алматы, 22 ақпан 2017 жыл. (Сурет Ақорданың Facebook-егі парақшасынан алынды).
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) ғалымдармен амандасып тұр. Алматы, 22 ақпан 2017 жыл. (Сурет Ақорданың Facebook-егі парақшасынан алынды).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ғылымында патенттелген жаңалықтардың көбіне сұраныс жоқ, ғылыми жұмыстарда плагиаттық көп деп мәлімдеді. Бұл туралы ол бүгін Алматыда Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған жиында айтты. Жиынды академия президенті Мұрат Жұрынов сөйлеп ашты. Одан соң сөз президент Назарбаевқа берілді.

Назарбаев баяндамасында Қазақстанның "табыстарын", соның ішінде салынып жатқан жолдарды айтты. Ол Батыс Қытай - Батыс Еуропа жолын меңзеп, "Қазақтар мұндай тамаша жолмен қашан жүріп еді, Шымкент жаққа барып көріңдер" деді.

Назарбаев сонымен қатар білім және ғылым миинстрлігіне академиялармен және жоғары оқу орындарымен бірігіп6 өз ғылыми жұмыстарын халықаралық рейтингтер базасына ұсынуды тапсырды. Президенттің сөзінше, ғылыми мақалалардың кем дегенде жартысы ағылшын тілінде жариялануы және ол әлемдік мәліметтер базасына қосылуы тиіс.

Жиынға Ресей, Беларусь, Грузия, Украина, Молдова, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан ғылым академияларының басшылары да қатысып жатыр.

Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдығына орай жиынға келген журналистер монитор қойылған бөлек бөлмеде отыр. Алматы, 22 ақпан 2017 жыл
Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдығына орай жиынға келген журналистер монитор қойылған бөлек бөлмеде отыр. Алматы, 22 ақпан 2017 жыл

Жиыннан хабар таратуға келген журналистерді залға кіргізбеді. Ондаған журналист жиынды монитор қойылған бөлек бөлмеде отырып ақпарат алды.

XS
SM
MD
LG