Accessibility links

Қазақстан шорт-трек құрамасы Азия ойындарында қола иеленді


Қазақстан шорт-трек командасының мүшесі Ким Йонг А (көк формада) Саппородағы Азия ойындарында. 21 ақпан 2017 жыл.
Қазақстан шорт-трек командасының мүшесі Ким Йонг А (көк формада) Саппородағы Азия ойындарында. 21 ақпан 2017 жыл.

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы 3000 метрлік эстафетада қола медаль алды.

Алтынды Оңтүстік Корея, күмісті Қытай спортшылары иеленді. Төртінші орын - Жапонияда. Қазақстан құрамасы сапында Ким Йонг А, Мадина Жанбусинова, Анита Ногай, Анастасия Крестова жүгірді.

Сондай-ақ конькимен жүгіруде Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста қола иеленді.

Қазақстан жалпы есепте бір алтын, екі күміс, төрт қоламен төртінші орында келеді. Бірінші орындағы Жапонияда тоғыз алтын, он күміс, жеті қола бар. Екінші орындағы Оңтүстік Кореяда (8 алтын, 7 күміс, 7 қола). Үздік үштікке бес алтын, төрт күміс, бес қоламен Қытай еніп тұр.

Азия ойындары 26 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG