Accessibility links

"Союз-У" зымыраны ғарышқа соңғы рет ұшырылды


"Союз-У" зымыран тасығышының ғарышқа ұшырылу сәті. Байқоңыр, 22 ақпан 2017 жыл.

Байқоңыр космодромынан бүгін ғарышқа "Союз-У" зымыран тасығышы ұшырылды. Зымыран орбитаға екі жарым тонна жүк - отын, азық-түлік, су мен оттегі бар "Прогресс МС-05" ғарыш кемесін шығаруы тиіс. "Союз-У" зымыран тасығышы осымен соңғы рет ұшырылып отыр. "Роскосмос" бұған дейін жаңа "Союз-2.1а" зымыранына көшетінін мәлімдеген.​

"Союз-У" зымыранын ұшыру 2016 жылы желтоқсанда болған апаттан соң бірнеше рет кейінге шегерілген. Ол кезде жүк таситын ғарыш кемесін тіркеген осындай зымыран ұшырылғаннан көп ұзамай жоғалып кеткен. Мамандар оның себебін үшінші басқыштағы қозғалтқыштың өндірістік ақаудан көрген.

"Союз-У" зымыран тасығышы ең алғаш 1973 жылы ұшырылған. Ол - әлемдік космонавтикада ең көп пайдаланылған зымыран. Осы кезге дейін ұшырылған 789 зымыранның 22-сі ғана апатты деп танылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG