Accessibility links

Киевте Еуромайдан құрбандарын еске алу шеруі өтіп жатыр


Украина ұлтшылдары өткізіп жатқан марш. Киев, 22 ақпан 2017 жыл.
Украина ұлтшылдары өткізіп жатқан марш. Киев, 22 ақпан 2017 жыл.

Киевте бүгін мыңдаған адам 2013-2014 жылдардағы Еуромайдан деп аталып кеткен демонстрацияларда қаза тапқандарды еске алу және үкіметке талаптарын білдіру үшін марш өткізіп жатыр.

"Ұлттық ар-намыс маршы" деп аталған шеруді үш ұлтшыл партия - "Свобода", "Ұлттық корпус" және "Оңшыл сектор" партиялары ұйымдастырған.

Белсенділер бүгін таңертең Киевтің орталық Майдан алаңына жиналып, парламентке қарай шерулетіп барды. Мұнда олар өздерінің депутаттарға, парламентке және президентке талаптарын білдіруді жоспарлап отыр.

Ұйымдастырушылар билікке 2014 жылы ақпанда Киевтегі демонстранттарды қантөгіспен тарату оқиғаларын толық тексеріп, өздері "басқыншы мемлекет" деп атаған Ресеймен барлық сауда-саттықты дереу тоқтатуды талап ететінін айтады.

Шеру өтіп жатқан жерде жүздеген полиция қызметкерлері жүр.

Демонстранттар сонымен қатар қазір ресейшіл сепаратистер басқаратын Украинаның шығыс аймағымен барлық экономикалық байланыстарды үзуді де талап етпек.

XS
SM
MD
LG