Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында биатлонның спринт жарысында қазақстандық биатлоншы Ян Савицкий алтын, Василий Подкратов күміс алды. Жапониялық Микито Тачизаки қола медаль иеленді.
Бұл - Қазақстанның Азия ойындарындағы екінші алтыны. Бұған дейін шаңғыдан Ринат Мухин Азиада чемпионы атанған. Сондай-ақ бүгін, шаңғымен жүгіруде қазақстандық Елена Коломина бес километрлік классикалық жарыста күміс иеленді. Коломина бұған дейін Саппорода бір күміс, бір қола жеңген.
Қазір Қазақстан екі алтын, екі күміс, төрт қола медальмен жалпы есепте Оңтүстік Корея, Жапония, Қытайдан кейін төртінші орында келеді.
Азия ойындары 26 ақпанда аяқталады.