Accessibility links

Түркия армиясында әйелдерге орамал тағуға рұқсат етілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркия қорғаныс министрлігіндегі дереккөздерінің ақпаратына қарағанда, жоғары қолбасшылық әскери жарғыға әйелдердің әскерде орамалмен қызмет етуіне рұқсат беретін өзгеріс енгізді. Бұл мундирмен бірге орамалын да тастағысы келмейтін барлық әйел әскери қызметкерлер мен кадеттерге қатысты. Қорғаныс министрлігінің өкілі бұл туралы ақпаратпен анонимді түрде бөліскен.

Hurriyet Daily News басылымының жазуынша, әйелдер егер орамалы униформамен түстес болса, онда оны берет және фуражкамен біріктіріп тағуына болады. Орамалға салынған тыйым ендігі әскери штабтың азаматтық қызметіндегі, жағалау күзетіндегі және полициядағы әйел қызметкерлерінен алынып тасталған.

Түркия ресми түрде мұсылмандар басым зайырлы мемлекет саналады. Көп уақыт бойы орамалды мемлекеттік қызмет пен жоғары оқу орындарында тағуға тыйым салынып келді. Билік басына қазіргі президент Ердоған 2002 жылы құрған, ислам құндылықтарына негізделген "Әділет және даму" партиясы келген соң оқу орындары мен мемлекеттік қызметтердегі орамалға қатысты қатаң тыйымдар алып тасталды.

XS
SM
MD
LG