Accessibility links

Кремль: Путин Орталық Азия елдеріне сапарлайды


Владимир Путин, Ресей президенті.
Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресей президенті Владимир Путин 27-28 ақпанда Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстанға сапарлайды. Бұл туралы Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеуде журналистермен кездесуде айтты. Ушаковтың сөзінше, Путиннің сапары Мәскеудің бұл үш елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толуына орайластырылған.

Ушаков Путин 27 ақпанда Қазақстан мен Тәжікстанға сапарлап, осы елдердің президенттері Нұрсұлтан Назарбаевпен және Эмомали Рахмонмен экономикалық және гуманитарлық мәселелер бойынша екі жақты қарым-қатынастарды талқыламақ. Кремльдің ақпаратына қарағанда, Путин 28 ақпанда Бішкекке барып, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен екі жақты қарым-қатынас мәселелерін талқылайды.

XS
SM
MD
LG