Accessibility links

АЕ/АР басшысы Худайберді Аллашовтың босатылғанын қолдады


Азаттықтың Түркіменстандағы тілшісі Худайберді Аллашов.
Азаттықтың Түркіменстандағы тілшісі Худайберді Аллашов.

Азат Еуропа/Азаттық Радиосының (АЕ/АР) президенті Томас Кент Азаттықтың Түркімен редакциясының (Радио Азатлык) тілшісі Худайберді Аллашовтың босатылуын оң қабылдады. Кент сонымен қатар Радио Азатлыктың өзге журналисі Сапармамед Непескулиевті де босатуға шақырды. Непескулиев 2015 жылы "есірткі сақтады" деген айыппен үш жылға сотталған.

Томас Кенттің мәлімдемесінде Түркіменстан мен өзге де елдерде журналистерге Азат Еуропа/Азаттық Радиосымен жұмыс істескені үшін қоқан-лоқы жасалып, қысым жасалатыны айтылған.

22 ақпанда Азатлык Радиосы Аллашов пен оның анасына "заңсыз насыбай сақтады" деген айыппен шартты түрде үш жыл жаза кесіп, 15 ақпанда қамаудан босатқаны белгілі болған.

Қазір олар Түркіменстанның Көнеүргеніш қаласында үйлерінде. Оларға бақылау орнатылып, қандай да бір байланыс құралын пайдалануына тыйым салынған.

Томас Кент Түркіменстан билігін бұған дейін тәуелсіз журналистерді қудалайды деп бірнеше рет айыптаған.

XS
SM
MD
LG