Accessibility links

Алматыда Мамайды қолдаған белсенділерді полиция ұстады


Полиция белсенді Ғалым Ағелеуовті (оң жақта) алып кетпекке көлігіне отырғызып жатыр. Алматы, 23 ақпан 2017 жыл (Видеодан скриншот).

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің алдында азаматтық белсенділер Ғалым Ағалеуов пен Асхат Берсәлімовті полиция ұстап әкетті деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Азаттық тілшісі әуелде ҰҚК департаменті алдына барғанда Асхат Берсәлімовті полиция ұстап жатқанын байқады. Тілшілерді көрген полиция Берсәлімовті жібере салды. Берсәлімов әлеуметтік желіден белсенді Ерлан Қалиевтің ҰҚК алдында қамаудағы тәуелсіз журналист Жанболат Мамайды босатуды талап етіп акция өткізетінін естіп, соны видеоға түсіруге келгенін айтты.

Осы кезде ҰҚК алдына белсенді Ғалым Ағелеуов келді. Ол акция өткізетінін хабарлаған Ерлан Қалиевті Қазақстандық халықаралық адам құқығы және заңдылықты сақтау бюросынан шыққан бетінде полиция ұстап әкеткенін айтты. Ағелеуов ҰҚК алдына осыны айту үшін келгенін жеткізді.

Бұдан соң Ағелеуов үстіне "Талғат Аян мен Макс Боқаевқа - бостандық!" деген жазуы бар футболкасын киіп, Азаттық тілшісіне аталған белсенділерге, Жанболат Мамайға бостандық берілсін деген талабын айтты. Осы сәтте полиция көлігі келіп, Ағелеуов пен Асхат Берсәлімовті полиция алып кетті. Полиция белсенділерді не үшін ұстағанын айтпады.

Белсенді Ғалым Ағелеуов түрмедегі белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды босатуды талап етіп тұр. Алматы, 23 ақпан 2017 жыл.
Белсенді Ғалым Ағелеуов түрмедегі белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды босатуды талап етіп тұр. Алматы, 23 ақпан 2017 жыл.

Ерлан Қалиев бүгін сағат 12-де ҰҚК департаменті алдында "Трибуна. Саяси қалам" газеті редакторының міндетін атқарушы, екі айға қамалған Жанболат Мамайды қолдау үшін бір кісілік пикет өткізбек болған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG