Accessibility links

Ингушетия 1944 жылғы депортация құрбандарын еске алып жатыр


Ингушетиядағы 1944 жылғы депортация құрбандарына орнатылған ескерткіш.
Ингушетиядағы 1944 жылғы депортация құрбандарына орнатылған ескерткіш.

Ресейдің Ингушетия республикасының тұрғындары бүгін Сталиннің 1944 жылы ингуштер мен шешендерді Солтүстік Кавказдан депортациялау туралы бұйрығынан құрбан болғандарды еске алып жатыр.

Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров 23 ақпанда республика тұрғындарына жасаған үндеуінде депортацияны "ингуш халқының тарихының ең қайғылы беттерінің бірі" деп атады.

22 ақпанда Ингушетия депутаттары Иосиф Сталинді дәріптеуге тыйым салатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған.

1944 жылы 23 ақпаннан 9 наурызға дейінгі аралықта совет билігі барлық ингуштер мен шешендерді - шамамен 650 мың адамды нацистік Германиямен байланыс орнатты деп айыптап, Орталық Азияға күштеп қоныс аударып жіберген.

Депортацияланғандардың жартысы жолда немесе күштеп қоныс аударылған жеріндегі қатаң жағдайға шыдай алмай қаза тапты.

1957 жылы депортациядан аман қалғандарға Солтүстік Кавказға оралуға рұқсат берілді.

Шешенстанның Мәскеу қолдайтын басшысы Рамзан Қадыров 2012 жылы Шешенстандағы Қасірет және еске алу күнін 23 ақпаннан 10 мамырға - өзінің әкесі Ахмад Қадыровтың жерленген күніне ауыстырған. Ахмад Қадыров 2004 жылы бомба жарылысынан қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG