Accessibility links

Өзбекстанда химиялық зауытта жарылыс болды


Өзбекстан картасы (Көрнекі сурет).
Өзбекстан картасы (Көрнекі сурет).

Өзбекстанның Ферғана алқабындағы "Ферғанаазот" зауытының аммиак цехында жарылыс болды. Жарылыстан қаза тапқандар болғанымен, олардың нақты саны жарияланбай отыр. Зауытта азот тыңайтқышы мен өзге де химикаттар өндіріледі.

Төтенше оқиға кезінде цехта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Төтенше жағдай министрлігі өкілі жарылыстан қаза тапқандар барын айтқанымен, олардың нақты санын айтпады. Ведомство мәліметінше, жарылысты тексеріп, құрбандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылған.

XS
SM
MD
LG