Accessibility links

Вишневская Азия ойындарындағы екінші алтынын алды


Галина Вишневская.
Галина Вишневская.

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская 10 километрлік із қуу жарысында алтын алды.

Ол кеше, 23 ақпанда спринттік жарыста да Азия ойындарының чемпионы атанған. Күмісті қытайлық Ян Жанг, қоланы тағы бір қазақстандық Дарья Усанова иеленді.

Сонымен қатар ерлер арасындағы із қуып жарысуда қазақстандық Ян Савицкий күміс жүлдегер атанды. Бұл жарыста алтынды жапониялық Микито Тачизаки, қоланы оңтүстік кореялық Янг Ким ұтты.

Қазақстан қазір төрт алтын, бес күміс, алты қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келеді. Азия ойындары 26 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG