Accessibility links

Фристайлшы Галышева - Азия ойындарының чемпионы


Фристайлшы Юлия Галышева Саппородағы Азия ойындарында (Сурет авторы - Данияр Майлыбаев).
Фристайлшы Юлия Галышева Саппородағы Азия ойындарында (Сурет авторы - Данияр Майлыбаев).

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды.

Ол жұптық могул (dual mogul) бағдарламасы бойынша жеңіске жетті. Галышева финалда жапониялық Ариса Муратаны ұтты.

Ерлер арасындағы жұптық могул сынында қазақстандық Дмитрий Рейхерд қола жүлде иеленді. Рейхерд пен Галышева Алматыда өткен қысқы универсиадада кезінде екі-екі алтыннан алған.

Сондай-ақ шаңғыдан Қазақстан ерлер құрамасы эстафеталық жарыста Жапониядан кейін мәреге екінші келіп, күміс жүлдемен шектелді.

Қазақстан бес алтын, бес күміс, жеті қоламен жалпы есепте төртінші орында келеді. Бірінші орында Жапония (17 алтын, 16 күміс, 17 қола), екінші орында Оңтүстік Корея (14-13-12), үшінші орында Қытай (6-8-6) тұр.

XS
SM
MD
LG