Accessibility links

Трамп: НАТО елдері альянсқа бөлетін қаржысын көбейтуі керек


Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Reuters агенттігіне берген сұхбатында НАТО-ға мүше Еуропа елдеріне қорғанысқа бөлетін қаржысын көбейту және альянстың терроризммен күресіне назар бұру керегін мәлімдеді.

"Естеріңізде болса, мен алғаш НАТО туралы айттым, мен олардың барлығы қарыздар екенін айтпадым ба? Мен екі нәрсе туралы айттым: бұл ұйым ескірген, себебі ол терроризмге көңіл бөлмейді. Қазір олар терроризммен күресетін бөлімдер ашты, оның өзінде мен үшін ғана" деді Трамп Еуропа елдерін меңзеп.

"Мен НАТО туралы өте аз білемін. Бірақ не болып жатқанын өзіңіз көріп отырсыз. Олар үлкен қаржы төлеп жатыр" деді АҚШ президенті.

Бірақ Трамп Германия, Румыния, Латвия және басқа да елдердің альянсқа салатын қаржы көлемін жалпы ішкі өнімінің 2 пайызына жеткізу туралы уәдесін жылдам орындағанына қарамастан талабын бұдан ары күшейте беретінін ескертті. "Біріншіден, 2 пайыз деген аз, екіншіден, бес ел ғана альянсқа қаржы құйды" деді Трамп.

Дональд Трамп сайлауалды кампаниясында "НАТО мүшелері альянсқа көбірек қаржы салу керек" екенін айтқан. Ол сонымен қатар "НАТО мүшелері өздерінің қорғанысқа бөлетін қаржысын арттырмаса, АҚШ оларды қорғамауы мүмкін" екенін де мәлімдеген.

AzattyqTV

Түрксіб темір жолы қалай салынып еді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:45 0:00
XS
SM
MD
LG