Accessibility links

Сирия көтерілісшілерінің жетекшісі: Бейбіт келіссөзге кедергі - Иран


Наср әл-Харири, Женевадағы бейбіт келіссөзге қатысып жатқан Сирия оппозициясының жетекшісі.
Наср әл-Харири, Женевадағы бейбіт келіссөзге қатысып жатқан Сирия оппозициясының жетекшісі.

Женевадағы бейбіт келіссөзге қатысып жатқан Сирия оппозициясының жетекшісі Иранды Сириядағы қақтығыстарды реттеуге үлкен кедергі келтіріп отыр деп айыптады.

Наср әл-Харири 23 ақпан күні журналистерге Ресей мен Түркияның ара ағайындығымен жасалған оқ атуды тоқтату режимі ел аумағында бұзылып жатқанын, оған көбінесе Сирия үкіметі әскері жағында соғысатын, Иран қолдайтын жасақтары себеп болып отырғанын айтты.

«Иран — кез келген саяси келісім жасауға басты кедергі» дейді Харири. Ол мұнда Сирияның тағы бір одақтасы Ресейдің де кінәсі барын жеткізді.

«Ресей режимді және оған қарсы күресіп жатқан жасақтарды бақылауында ұстай алмады, олар Иранды бақылай алған жоқ» деді ол. Харири сонымен бірге Иранды Таяу Шығыста ауқымды дінаралық жанжал тұтандырып, Сирия көтерілісшілерінің басты қолдаушысы Түркия бастаған жолды жалғастырып отыр деп айыптады.

Харири Вашингтонды аймақтағы шиеленісті реттеуге араласып, Иранға қысым көрсетуге шақырды. Оның пікірінше, Иран аймаққа он мыңдаған діншіл сарбаздарды жіберіп жатыр.

«Иранның аймақтағы ықпалына шек қою үшін аймақтық, халықаралық күштер қысым жасауы тиіс. Біздің АҚШ-тан күтіп отырғанымыз осы» деді ол.

XS
SM
MD
LG