Accessibility links

Ирак әскері Мосулдың батыс аймағына енді


Мосул әуежайына шабуыл кезіндегі Ирак әскерилері. 23 ақпан 2017 жыл.
Мосул әуежайына шабуыл кезіндегі Ирак әскерилері. 23 ақпан 2017 жыл.

Бірнеше айдан бері "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырларынан Мосулды толықтай азат ету операциясын жүргізіп жатқан Ирак әскері Мосулдың батыс бөлігіндегі елді мекендерге кірді. Ирактың терроризммен күрес қызметінің генерал-лейтенанты Сами әл-Аридхи 24 ақпанда Ирак әскерінің Мосулдың іргесіндегі Әл-Маамун елді мекеніне енгенін хабарлады.

Кеше үкімет күштері қолданыстан шыққан Мосул әуежайы мен Газлани әскери базасын және Мосулдың оңтүстік-батысындағы Тал әл-Райян елді мекенін қайтарып алған. Үкімет Мосулдың шығыс бөлігін қаңтарда азат еттік деп жариялаған.

ИМ Мосулды 2014 жазда басып алған.

АҚШ билігінің өкілдері 20 ақпанда қалада ИМ-нің әлі 2 мыңға тарта содыры бекініп алғанын хабарлаған.

Ирактың екінші екң ірі қаласы әрі ИМ-нің Ирактағы соңғы тірегі Мосулда 750 мыңға тарта адам тұрып жатыр.

Ирак билігінің өкілдері Мосулдың батыс бөлігін алу кәдімгідей қиын болатынын, себебі мұнда көшелердің тым тар, ұрыс жүргізуге қолайсыз екенін айтқан. Ирак әскерінің мұнда бронды техниканы қолдануына айтарлықтай қиындық туындамақ.

XS
SM
MD
LG