Accessibility links

Мәскеуде дипломат Виталий Чуркинді жерлеу шарасы өтіп жатыр


Виталий Чуркиннің мәйіті салынған табыт жанында тұрған Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 24 ақпан 2017 жыл.
Виталий Чуркиннің мәйіті салынған табыт жанында тұрған Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 24 ақпан 2017 жыл.

Мәскеуде Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болған дипломат Виталий Чуркинді жерлеу рәсімі өтіп жатыр.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 24 ақпан күні Чуркинді жерлеу рәсімінде сөз сөйлеп, Чуркиннің «ерекше орны бар, халық дипломаты» болғанын айтты. «Виталий кәсіби білігі жоғары мәмілегер, ұлттық дипломат еді» деді Лавров.

Жерлеу рәсімінде Лавров елшінің отбасына президент Владимир Путиннің Чуркинді марапаттаған Ерлік орденін тапсырды.

Чуркин 20 ақпан күні 65 жасқа толуына бір күн қалғанда Нью-Йоркте қайтыс болды. Марқұмның денесі Мәскеудегі Троекуровский зиратына қойылады.

24 ақпан күні Ресейдің БҰҰ-дағы миссиясы Виталий Чуркиннің орынбасары Петр Ильичевтің елші міндетін атқарушы етіп тағайындалғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG