Accessibility links

Сириядағы Әл-Баб қаласында жарылыстан 41 адам өлген


Сириялық оппозиция күштері исламшылдарға қарсы шайқасып жатыр. Әл-Баб қаласы, 22 ақпан 2017 жыл.
Сириялық оппозиция күштері исламшылдарға қарсы шайқасып жатыр. Әл-Баб қаласы, 22 ақпан 2017 жыл.

Сирияның Әл-Баб қаласында автокөліктегі бомба жарылысы салдарынан 41 адам қаза тапқан. Жарылыс сириялық оппозицияның өткізу-бақылау бекетінде жасалған. Зардап шеккендердің көпшілігі – бейбіт тұрғындар деп хабарланды.

Бейсенбі күні Түркия армиясының қолдауына сүйенген сириялық оппозиция күштері исламшылдарды Сирияның солтүстік-батысындағы соңғы тірегі – Әл-Баб қаласынан ығыстырған.

Қазіргі уақытта олар исламшылдар орнатқан бомбаларды залалсыздандырумен айналысып жатыр. Қалада қалған кей терроршылар өздері қазған жер асты тоннельдеріне жасырынып жүр деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG