Accessibility links

WSJ: Трампты қызы климат жайлы келісімнен шықпауға көндірді


АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен оның қызы Иванка Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен оның қызы Иванка Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамптың кеңесшісі әрі күйеу баласы Джаред Кушнер мен оның әйелі, Трамптың қызы Иванка Трамп Ақ үй басшысын климат жөніндегі Париж келісімінен шықпауға көндірген. Бұл туралы жұма күні Wall Street Journal басылымы ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Басылымға ақпарат бергендердің хабарлауныша, Трамп келесі аптада қол қоюды жоспарлаған жарлықтар жобаларынан әлгі келісім жайлы сөздер алынып тасталған. Трамп қол қоймақшы құжаттар АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың қоршаған ортаны қорғауға байланысты кейбір жарлықтарының күшін жоймақ.

Басылымның Ақ үйдегі дерек көздерінің бірінің сөзінше, Джаред Кушнер мен Иванка Трамп президенттің қоршаған орта мен климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерге қатысты көзқарасын өзгертуге ықпал ете алады.

Өткен жылы сайлау алды кампаниясы кезінде Дональд Трамп Барак Обаманың қоршаған ортаны қорғау туралы жарлықтарын жиі сынайтын. Трамп АҚШ президенті болып сайланған жағдайда ол жарлықтардың күшін жоюға қол жеткізуге уәде еткен.

2015 жылы әлемнің 200-ге жуық елі ғаламдық климаттың жылынуына қарсы күрес жөніндегі Париж келісіміне қол қойған.

XS
SM
MD
LG